Балабақшаға тіркелу

Құрметті ата -ана!

«НҰР-ГҮЛ-АЙ» ЖШС бөбекжай-балабақшасына баланы алып келу үшін ата-аналар алдымен «balabaqsha.snation.kz» немесе «www.egov.kz» порталына тіркеліп кезекке тұрады және орын босағанда жолдама алады. Жолдама алған соң баланың медициналық «Денсаулық паспортын»басқа негізгі құжаттармен балабақшаға алып келеді.

Құжаттары дұрыс болған жағдайда балабақшаға қабылданады.

Баланы бөбекжайға алып келген кезде ауыстыратын киім, аяқ киім, ұйықтарда киетін киімдерін қоса алып келеді. Бала бөбекжайға үйрену үшін, баланы алғашқы үш күн түсте алып кетеді одан кейін бала толық күнге қалады.